Петропавлда тасқында зардап шеккен су сорғы станциясы жөнделуде
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тасқын кезінде зардап шеккен бірінші көтергіш сорғы станциясында болды. Қазір станцияны жаңғырту жүріп жатыр. «Kazminerals» компаниясының қаржысына құрылыс жұмыстары жүргізіліп, сорғы қондырғысы ауыстырылады.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен сорғы стансасын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3,5 шақырым жер асты кабель желісі тартылады. Сонымен қатар, станция айналасындағы бөгет те нығайтылмақ.
Биылғы су тасқыны қосымша су желісінің қажеттілігін көрсетті. Ойқаладағы сорғы станциясын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Онда сорғы станциясы салынбақ, қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
"
Биылғы су тасқыны кезіндегідей Петропавл уақытша негізгі су құбырынсыз қалса, резервтік станса балама ретінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді"
, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -