Петропавлда жас офицерлерге диплом табыс етілді
Бүгін қаламыздың бас алаңында Ұлттық Ұлан Академиясының жас офицерлеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Әскери оқуды аяқтаған түлектерді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, дипломдарды табыс етті.
Аймақ басшысы өз сөзінде су тасқынымен күресуге және оның зардаптарын жоюға белсене атсалысқан Академия курсанттарын ерекше атап өтті. Ғауез Нұрмұхамбетов жас офицерлерге Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет етіп, алдағы әскери жолында мансаптық өсу тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -