Полицейлер санитарлық норманы бұзғандарға 10 мыңнан астам хаттама ресімдеген
Қарағанды облысының тұрғындары "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын белсенді қолдады. Табиғатқа қамқор жандар өз ауласын, көшесін күтіп ұстауға тырысады. Бірақ санитарлық нормаларды бұзып жауапкершілікке тартылғандар да бар.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, сәуір айынан бастап санитарлық нормаларды бұзғандарға 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама жасалған.
– Учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция нарядтары абаттандырылған жерлер мен қоғамдық орындарды ластағандарды анықтайды. Сондай – ақ тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша профилактикалық сұхбаттар өткізеді, – дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Ведомствоның мәліметінше, тұрмыстық қатты қалдықтарды бекітілмеген орындарда тастағаны үшін 15 автокөлік ұсталған.
5 маусымда Әлихан Бөкейхан ауданында учаскелік инспектор "Газели" жүргізушісінің ірі көлемде құрылыс қоқыстарын түсіріп жатқанын байқаған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалып, 20 АЕК құрайтын айыппұл салынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -