ПРЕСС-РЕЛИЗ
Облыс әкімі Қ.І. Ақсақаловтың төрағалығымен 2024 жылғы 5 сәуірде өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысының барысында Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Қостанай облысындағы Кәсіпкерлік қызметіне жәрдем беру қауымдастығы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісімге (бұдан әрі – Өңірлік келісім) қол қойылды.
Өңірлік келісім әлеуметтік әріптестік, экономикалық саясат, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, лайықты жағдайлар, еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік саясат сияқты салалардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының келесілген ұстанымдарын айқындайды.
Өңірлік келісімнің негізгі мақсаты – лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету. Бұл лайықты еңбекақысы бар толық жұмыспен қамтылған кезде жақсы өндірістік, әлеуметтік-еңбек және қауіпсіз жағдайларда аса тиімді еңбекті білдіреді.
Өңірлік келісімге қол қойды:
Қостанай облысы әкімдігінің атынан – облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов;
Жұмысшылар бірлестігінің атынан - «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы – И.П. Аронова;
Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер бірлестігінің атынан – «Қостанай облысындағы Кәсіпкерлік қызметіне жәрдем беру қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің директоры В.В. Шмонина.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -