Пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша 2024 жылғы 23 тамызда Шахтинск қаласының Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебінде «Қызмет алушылар күні» өтті. Іс-шараны өткізу барысында келушілер мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету, кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру бойынша Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы жауап ала алды.
11 адам мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -