Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.Негізгі көрсеткіштер:
300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталған;
Зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылған;
Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 млрд теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды;
Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ;
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.➤ Агенттік ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолын кескен. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылған. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.Азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылып отыр:
Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 млрд теңгені құрайды;
24 қаржы пирамидасы жойылды;
Алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталған;
22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.Профилактикалық жұмыс:
567 мың оқушыға және 100 мыңнан астам студентке қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген.➤ Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.
Президент:
экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -