Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті.Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды.Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр.Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -