Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады
Олжас Бектенов:
➤ еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы және жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берді:
– биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында экономиканың өсімі 3,7 пайызды құраған;
– құрылыс (8,8%), көлік және қойма ісі (7,9%), байланыс (7,4%), сауда (5,5%), өңдеу өнеркәсібі (4,9%) секторларындағы көрсеткіш едәуір жақсарған;
– ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 3 есе ұлғайып, 580 миллиард теңгеге жеткен. Бүгінде еліміз бойынша дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 70,2 пайызы жиналып, 17,2 миллион тонна астық бастырылған. Диқандар арзан жанар-жағармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген;
➤ барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндады:
– әлеуметтік нысандардың дайындығы жоғары деңгейде. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына әзірлеу жұмыстары 98,3 пайызға орындалған;
– электр станцияларына жыл сайын 60 миллион тонна көмір қажет. Қазір оның қажетті қоры бар;
➤ су тасқыны салдарын жою жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы мен келесі жылы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары туралы айтты:
– зардап шеккендердің барлығына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленген;
– баспанасынан айырылғандарға 5767 тұрғын үй сатып алынды және 2576 жаңа үй салынған. Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыс аяқталуға жақын;
– су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -