Президент жартылай фабрикаттар өндірісімен танысты
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қосшы қаласында биыл іске қосылған «IL-TOV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс алаңын аралап көрді.
Кәсіпорында құс етін терең өңдеп, тез дайындауға болатын түрлі тағамдар шығарылады. Шикізат облыстағы құс фабрикаларынан жеткізіледі. Жартылай фабрикаттар ішкі нарықта ғана сатылмайды, сонымен қатар Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге экспортталады.
Qazaqstan Investment Corporation қоры арқылы мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған жоба 85 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпорын директоры Михаил Шейнкман бұл өндірістік кешеннің бастапқы кезеңі екенін айтты. Келешекте екінші өндіріс желісін іске қосу, сондай-ақ мұздатылған бірінші және екінші тағамдар өндіретін комбинат салу көзделіп отыр.
Президент отандық тамақ өнеркәсібін дамыту маңызды екеніне тоқталып, мұндай кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -