ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылғы 17 қазаннан бастап цифрландыру департаментінің директоры қызметіне Төлеубаева Фарида Қабдылқайырқызы тағайындады.
Төлеубаева Фарида 1996 жылы 26 мамырда Павлодар облысында, Екібастұз қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 2017 жылы бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік біледі.
Еңбек жолын 2017 жылы Атырау қаласындағы «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» жобасында «Болашақ – Атырау» ЖШС әкімшілік маманы болып бастаған.
2019-2022 жылдары Алматы қаласы «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС әкімшілік істер бойынша менеджер болып жұмыс істеді.
2022-2023 жылдары Алматы қаласы «Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС бизнесті қолдау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2024 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы "Хуавей Текнолоджиз Қазақстан" ЖШС цифрлық энергетика департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылғы қазаннан бастап ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Цифрландыру департаментінің директоры болып тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -