ҚР Еңбекминінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қоғамдық кеңестің мүшелері кезекті отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметкерлерін ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша тыңдады. Атап айтқанда, көші-қон саласындағы заңнамаға түзетулер, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесі және басқалар талқыланды.
Іс-шараға Еңбекмині аппаратының басшысы Болат Төкежанов, Қоғамдық кеңес мүшелері, комитет төрағалары және ведомство департаменттерінің директорлары қатысты.
ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев ішкі көші-қон процестерін, қандастарды мәртебе беру, қабылдау және қоныстандыру тәртібін, сондай-ақ оларға және ішкі қоныс аударушыларға қолдау көрсету шараларын регламенттейтін заңнамаға және қолданыстағы НҚА-ға енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов өндірістегі өндірістік жарақаттану мен өлім-жітім бойынша ағымдағы жағдай және олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
Өз кезегінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары Маржан Жаумитова Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының негізгі бағыттары, оны іске асыру шеңберіндегі алдағы өзгерістер және қабылдауға қажетті НҚА тізбесі туралы хабардар етті, сондай-ақ айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесі туралы жан-жақты айтты.
Сонымен қатар ол 2024 жылдың 12 маусымындағы жағдай бойынша зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлемдермен 7,8 мың адам қамтылғанын хабарлады.
Отырыс соңында Қоғамдық кеңес төрағасы Ольга Кузовлева екі мүшенің кеңес құрамынан шығуына орай және тиісті рәсімдердің жүргізілуіне байланысты оның құрамын жаңарту туралы ұсыныс жасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -