ҚР Оқу-ағарту вице-министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Азаматтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Еділ Оспан барлық өтініштерге толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар Оқу-ағарту вице-министрінің жеке бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -