ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
3 қазан күні, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысып, өздерін қызықтырған мәселелерін көтерді.
Жеке қабылдауға жазылған азаматтар өздерінің зерттеу тақырыптарына қатысты ғылыми жобаларын ұсынып, зерттеу жұмыстарына байланысты бірқатар сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, суды тазалау үшін ультракүлгін реактордың прототипін әзірлеу бойынша ғылыми жобаны қаржыландыру мәселесі, фармацевтикалық өндіріс орындарымен бірлесіп әзірленген ғылыми жобалардың қолдау табуы және олардың іске асырылуы мәселелері қозғалды.
Қабылдау барысында жас ғалымдарды қолдау, ғылыми гранттарды бөлу тәртібі, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Вице-министр әрбір азаматтың көтерген мәселесіне назар аударып, сұрақтарға жауап берді. Ғылым мен жоғары білім саласында туындаған қиындықтарды шешу үшін министрліктің барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -