Райымбек ауданы Қаратоған ауылындағы ауыз су жүйесінің жаңғыртылуы
Қаратоған ауылында ауыз су жүйесінің жаңғыртылуы басталды. Жоба 2024 жылдың 1 маусымында басталып, 30 қарашада аяқталады. Жоба мердігері – «СК-Ретма» ЖШС.
Жаңғырту аясында 5,5 шақырым құбырлар, 48 құдық және 26 өрт гидранты орнатылады. Сондай-ақ, екі су жинау резервуары, насос станциясы және мобильді блокты контейнерлік пункт орнатылады. Жұмыс 2015 жылы басталғанымен, аяқсыз қалған еді. «СК Ретма» ЖШС бригадирі Қисықбасов Жарылқасын Төленбековичтің айтуынша, бұл жолы жұмыстар уақытында аяқталады.
Жоба қараша айында толық аяқталып, ауыл тұрғындарына тұрақты ауыз су жеткізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -