РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ: Түркістан облысы, 19 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ XXV МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры мерейлі XXV маусымның шымылдығын түрді. Жаңа маусым театрдың төлқұжатына айналған Б. Вахапзаденің «Көк түріктер» қойлымымен ашылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері де арнайы келіп тамашалады. Маусымашармен құттықтап, ізгі лебіздерін арнады. Келушілерге театр жанынан ашылған Райымбек Сейтметов мұражай үйінен театрдың 25 жылдан бері келе жатқан құнды

жәдігерлер мен алған марапаттары көрме ретінде ұсынылды. Ғимарат алдында жанды дауыстағы әсем шығармалар көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Көк түріктер» тарихи трагедиясы заманымыздағы 630 жылы Қытай империясы жеңіліске ұшыратқан I Көк Түрік Қағанатының ұлт азаттық күресін суреттейді. Бұл тарихи қойылымда Қытайдың саясаты түркі қағанатының ішінен іріткі салып, билік, мансап үшін бауырлас адамдар бір-бірінің қанын төгуге дейін барады. Қытай империясы қулық, айлакерліктің арқасында ешқашан жеңілістің ащы дәмін татпаған, ұлы Көк Түрік қағанатына шабуыл жасап орасан зор зардап әкеледі. Алайда ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында Көк түрік мемлекеті өзінің елдігін сақтап қалады. Басты рөлдерді Мұрат Құрманбеков, Гүлзада Айтбаева, Айдар Наурызбаев, Маханов, Аяз Ильясов, Олжас Сарсенов, Талғат Қарынбаев, Майра Мақұлбекова, Рауан Шырынбеков, Камшат Аштекова, Қанат Садықбеков, Алмагүл Индемесова, Ғалымжан Жакипов сынды әртістер сомдап шықты. Қойылымды алғаш рет қазақ театр өнерінің майталманы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Халық әртісі, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының бас жүлдегері, профессор Райымбек Сейтметов сахналаған. Қойылымда музыкалық көркемдеуші – Арман Дүйсенов, қоюшы суретші – Қалтөре Жұмағұлов. Театр аталған қойылыммен 2000 жылы Алматы қаласында өткен «Европа бірлігі» фестиваліне қатысқан. Бірінші күні елдің атынан Б. Вахапзаденің «Көк түріктер» спектаклін ойнаса, екінші күні Түркия мемлекетінің арнайы өтінішімен спектакль түрік тілінде сахналанды. 2000 жылы Түркия мемлекетінің арнайы шақыртуымен Анкара, Сивас, Кайсери, Қырықкәле, Кония, Нидде, Маталия, Ерзум, Герсун, Анталия, Спарта сияқты қалаларында гастрольдік сапарға барып қайтты. 2001 жылы 1 қарашада театрда Елбасы қонақта болып, осы спектаклді тамашалаған болатын. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры мерейлі XXV маусымның шымылдығын түрді. Жаңа маусым театрдың төлқұжатына айналған Б. Вахапзаденің «Көк түріктер» қойлымымен ашылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері де арнайы келіп тамашалады. Маусымашармен құттықтап, ізгі лебіздерін арнады. Келушілерге театр жанынан ашылған Райымбек Сейтметов мұражай үйінен театрдың 25 жылдан бері келе жатқан құнды <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>жәдігерлер мен алған марапаттары көрме ретінде ұсынылды. Ғимарат алдында жанды дауыстағы әсем шығармалар көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Көк түріктер» тарихи трагедиясы заманымыздағы 630 жылы Қытай империясы жеңіліске ұшыратқан I Көк Түрік Қағанатының ұлт азаттық күресін суреттейді. Бұл тарихи қойылымда Қытайдың саясаты түркі қағанатының ішінен іріткі салып, билік, мансап үшін бауырлас адамдар бір-бірінің қанын төгуге дейін барады. Қытай империясы қулық, айлакерліктің арқасында ешқашан жеңілістің ащы дәмін татпаған, ұлы Көк Түрік қағанатына шабуыл жасап орасан зор зардап әкеледі. Алайда ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында Көк түрік мемлекеті өзінің елдігін сақтап қалады. Басты рөлдерді Мұрат Құрманбеков, Гүлзада Айтбаева, Айдар Наурызбаев, Маханов, Аяз Ильясов, Олжас Сарсенов, Талғат Қарынбаев, Майра Мақұлбекова, Рауан Шырынбеков, Камшат Аштекова, Қанат Садықбеков, Алмагүл Индемесова, Ғалымжан Жакипов сынды әртістер сомдап шықты. Қойылымды алғаш рет қазақ театр өнерінің майталманы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Халық әртісі, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының бас жүлдегері, профессор Райымбек Сейтметов сахналаған. Қойылымда музыкалық көркемдеуші – Арман Дүйсенов, қоюшы суретші – Қалтөре Жұмағұлов. Театр аталған қойылыммен 2000 жылы Алматы қаласында өткен «Европа бірлігі» фестиваліне қатысқан. Бірінші күні елдің атынан Б. Вахапзаденің «Көк түріктер» спектаклін ойнаса, екінші күні Түркия мемлекетінің арнайы өтінішімен спектакль түрік тілінде сахналанды. 2000 жылы Түркия мемлекетінің арнайы шақыртуымен Анкара, Сивас, Кайсери, Қырықкәле, Кония, Нидде, Маталия, Ерзум, Герсун, Анталия, Спарта сияқты қалаларында гастрольдік сапарға барып қайтты. 2001 жылы 1 қарашада театрда Елбасы қонақта болып, осы спектаклді тамашалаған болатын. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар