ҚҰРБАН АЙТ – ІЗГІЛІК ПЕН МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ
Барша мұсылмандардың қасиетті де ұлық мерекесі Құрбан айт құтты болсын!
Құрбан айт мейрамы – қоғамды ауызбіршілікке, мейірім мен жанашырлыққа, әділдік пен ізгілікке үндейтін исламның үзілмес рухани дәстүрі. Қиналғанға қамқор, мұқтажға жәрдемші болу бұл қастерлі күннің мазмұнын тереңдетіп, мәнін айшықтай түседі.
Сан ғасырлар бедерінде Жетісу жеріндегі мұсылман қауымы өзге де дәстүрлі дін өкілдерімен татулық пен бірлікте ғұмыр кешіп, сол арқылы өңірдегі рухани-мәдени үйлесімді көздің қарашығындай сақтауға үлес қосып келеді. Біздің басты байлығымыз, барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің алғышарты – татулық пен келісім, сыйластық пен түсіністік. Сондықтан Құрбан айт мейрамының қоғамды біріктіретін, ізгілікті насихаттайтын, сауапты істерге жұмылдыратын игі бастамалары біз үшін қашанда құнды.
Құрбан айтта тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Баршаңызға зор денсаулық, жарасты ғұмыр, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -