Өңірде 2024 жылдың алғашқы үшемдері дүниеге келді
Биылғы жылдың
алғашқы
үшемі
Ақмола
облысында
дүниеге
келді.
3
шілдеде
көпбейінді
облыстық
аурухананың
перинаталдық
орталығында
бір
ұл
және
екі
қыз
дүниеге
келді.
Бірінші дүние есігін ашқан ер
бала
-
салмағы
2
килограмм
377
грамм,
бойы
46
сантиметр,
екінші болып қыз
бала-салмағы
2
килограмм
43
грамм,
бойы
44
сантиметр,
үшінші нәресте
-салмағы
2
килограмм
221
грамм,
бойы
44
сантиметр
болып туды.
Көп
балалы
ана
–
Мақпал
Жүнісова
күйеуі
және
үш
баласымен
Зеренді
ауданының
Гранитное
ауылында
тұрады.
Енді
олардың
отбасы
тағы
үш
баламен
толықты.
Дәрігерлер
аналар
мен
сәбилердің
жағдайы
туралы
айтты.
«
Қазіргі
уақытта
олардың
жағдайы
қанағаттанарлық.
Ана мен сәбилер қазір арнайы бөлмеде тынығып жатыр.
Медициналық
персонал
жаңа туғаннәрестелерді
күтуге
және
емізуге
көмек
көрсетеді.
Операция
штаттық
режимде
жүргізілді,
балалармен
бәрі
жақсы,
анаммен
де
бәрі
керемет.
Операция
41
минутқа
созылды,
ешқандай
ауытқу
жоқ.
Ананың
жағдайы
қанағаттанарлық.
Ол
жұлын
анестезиясынан
кейін
ояту
бөлмесінде
, өзінкеремет
сезінеді,
барлық
параметрлер
қалыпты»,
-
деп атап өтті
көпсалалы
облыстық
аурухананың
перинаталдық
орталығының
акушер-гинекологы
Ангелина
Корнилова.
Сонымен
бірге
перинаталдық
орталықтың
дәрігерлері
барлық
тексерулер
мен
консультацияларды қажетті деңгейде
жүргізеді,
сондай
-ақбарлық
көмекті
көрсетеді.
Сонымен
қатар,
Ақмола
облысының
денсаулық
сақтау басқармасындаүшемнің
тууы
өте
сирек
кездесетінқұбылыс
екендігі
айтылды.
Үшем
соңғы
рет
2022
жылы
дүниеге
келген.
2024
жылдың
бес
айында
өңірде
4
мың
449
бала
дүниеге
келді.
Оның
ішінде
36
егіз,
яғни
72
бала.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -