Республика күні: Алматы облысының даму жолындағы серпіні
Алматы облысында Республика күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр. Мемлекеттік мерекенің маңызы ерекше, себебі ол Қазақстанның егемендігіне жол ашқан тарихи оқиғаларды еске салып, ел бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке».1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіздікке деген ұмтылысының алғашқы қадамы болды. Бұл маңызды құжат еліміздің мемлекеттік рәміздерін, шекарасын, азаматтығын және халықаралық қатынастардағы дербестігін айқындап, еліміздің егемендігін ресми түрде мәлім етті. Сол тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіздікке қарай бет алуын қамтамасыз етіп, бүгінде Республика күні ретінде жыл сайын атап өтілуде.Алматы облысының тұрғындары да бұл мерекені мақтанышпен қарсы алуда. Облыс орталығы Қонаев қаласында өткізілген салтанатты жиынға өңірдің Құрметті азаматтары, ел тәуелсіздігіне куәгер болған ардагерлер қатысты. Олардың арасында Ызғарбек Бектұрсынұлы, Серік Кәтенұлы, Әлихан Әбдіханұлы және Нұрлан Ильясұлы бар. Бұл тұлғалар сол кезеңнің куәгерлері ретінде жастарға үлгі боларлық тарихты баяндауда.Экономикалық дамудың жаңа белестері Алматы облысы тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Биылғы жылдың алғашқы 9 айында өңір экономикасына 615,0 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32,8%-ға артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 480,6 млрд. теңгеге бағаланып, 1,9%-ға өсті. Құрылыс саласында да қарқын байқалады: 243,8 млрд. теңге көлемінде құрылыс жұмыстары орындалып, 777,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, экономиканың әртүрлі салаларында 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 33,6 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары.Тәуелсіздік жылдары бойы елдегі ұлтаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту – Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Бүгінгі таңда халықтың бірлігі мен ынтымағы мемлекет дамуының іргетасын қалап, Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы жетістіктеріне негіз болып отыр. Алматы облысының бұл бағыттағы жетістіктері де республика бойынша үлгі аларлықтай.-“Республика күні – тек мереке ғана емес, әрбір азамат үшін өткеннің маңызды беттерін еске түсіретін, еліміздің болашағына сенім артатын күн. Алматы облысы биылғы жылы да бұл мерекені лайықты түрде атап өтуде, әрі алдағы уақытта да облыстың дамуына жаңа серпін беретін жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр”, - деді Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде. Салтанатты шара барысында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» Алматылық жергілікті кәсіподағының төрағасы - Естенов Тоққожа «Парасат» орденімен марапатталды. Сонымен қатар облысымыздың бірталай азаматтары «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалдарымен, жалпы 30-дан астам азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етілді.«Алматы облысының құрметті азаматы» атағы Жамбыл ауданынының еңбек ардагері - Әмірғалиев Орынтай Қырғызбайұлына, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жақыпбек» ШҚ төрағасы - Даутқұлов Аянбекке, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры - Қонақбаев Айбек Сапарбекұлына берілді. Салтанатты іс-шарада мерекелік концертпен жалғасты. Жалпы облыста Республика күніне орай 170-тен астам нысанда іс-шара ұйымдастырылуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -