Республика күні мерекесіне орай, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы ант қабылдады
БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент бастығын М.Байсаловтың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша бастығы Ә.Сабуровтың қатысуымен өткен жиын барысында облыстық білім басқарма басшысы лауазымына 15 қазан күні тағайындалған Елдос Набиоллаұлы ресми түрде ант қабылдады.
Ант қабылдау рәсімі өткен салтанатты жиында облыс әкімі мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметші Елдос Набиоллаұлын құттықтап, еңбегіне кәсібилілік пен табыс тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -