Өңірлердегі экология және ағаш отырғызу бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы туралы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шараларды іске асыру туралы бүгін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев пен ҚР ЭТРМ Экологиялық бақылау және реттеу комитеті төрағасының орынбасары Айдар Абдуалиев айтып берді.
«Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау нәтижелері бүгінгі таңда 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінде ең ластанғандарына Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Шымкент қалалары кіретінін көрсетті», - деп атап өтті А. Абдуалиев.
Мысалы, Алматы және Астана қалаларында ластанудың негізгі көлемі жылу көздеріне (ЖЭО, қазандықтар), автокөлікке және жеке секторға тиесілі, Өскемен мен Теміртауда эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі, ал Ақтөбе мен Атырауда жоғары ластанудың себебі ескірген кәріз-тазарту құрылыстары болып табылады.
Экологиялық мәселелерді шешу үшін әр өңірде жұртшылықтың пікірін есепке алу және жүйелі талдау негізінде әзірленген Жол карталары іске асырылатынын атап өтеміз. Мәселен, 2020-2023 жылдар кезеңінде осы кезеңде көзделген 335 іс-шараның 204-і немесе 61% орындалды. Жол карталарын іске асыру тұрақты бақылауда.
Еліміздің экологиясын жақсарту жөніндегі тағы бір маңызды бағыт – орман қорына ағаш отырғызу туралы комитет төрағасы Д. Тұрғамбаев айтып берді. Атап айтқанда, ол ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімі бойынша облыс әкімдіктері бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және ормандарды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлардың іске асырылуы туралы айтып берді.
Кешенді жоспарларға сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдарының күшімен 1,5 млрд. данадан астам ағаш-бұта тұқымын, экология және табиғи ресурстар министрлігінің күшімен 251 млн. дананы, табиғат пайдаланушылар мен өзге де бастамашыл топтардың күшімен 210 млн. дананы отырғызу қажет болды.
Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының тозған және шөлді жерлерінде сексеуіл екпелерін (714 млн.дана) құру жолымен орман отырғызу мен егудің едәуір бөлігі көзделеді.
Ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде облыстар бойынша орман отырғызу және себу көлемі ғылыми ұсынымдар мен орман өсіру талаптарына сәйкес жоспарланған, ал экология министрлігі Орман мәдени жұмыстарының қоғамдық мониторингін жүзеге асыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-мен бірлесіп интерактивті карта жасалды (сілтеме: https://orman.gharysh.kz).
«Жүргізілген талдау көрсеткендей, 2021-2023 жылдар кезеңінде жалпы республика бойынша орман-мәдени жұмыстардың жоспарлары 83,4% орындалды, бұл ретте 1011,8 млн. дана ағаш-бұта түрлерін отырғызу және егу көзделген, ал іс жүзінде 843,4 млн. дана ағаш отырғызылып, егілді», - деді Д. Тұрғамбаев.
Қазіргі уақытта орталық және жергілікті атқарушы органдар осы тапсырманы орындау тәсілдерін қайта қарады және ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындау қарқынын арттыру жөнінде шаралар қабылдауда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -