Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі Қарағандыда концерт береді: Қарағанды ​​облысы, 10 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі Қарағандыда концерт береді

Қарағанды облысына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі гастрольдік сапармен келеді. Қарағандылық музыка сүйер қауымды 12 қыркүйекте сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында күтеді.

Оркестрмен бірге опера әншісі Талғат Күзембаев, эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова, дәстүрлі әндерді орындаушы термеші Қайрат Кәкімов өнер көрсетеді.

Бағдарламада Түркештің "Көңілді ашар", Тәттімбеттің "Саржайлау", Ықыластың "Қоңыр", Құрманғазының "Адай", "Төремұрат", "Серпер", "Сары арқа", Әшімтайдың "Қоңыр қаз", Есжанның "Соқыр Есжан", Дәулеткерейдің "Кероғлы" күйлері, сондай-ақ Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсынан "Шегенің термесі", Джоаккино Россинидің "Вильгельм Телль" операсынан увертюра және т. б. орындалады.

Дирижер – күйші, композитор Абылай Тілепберген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 1933 жылы Алматы қаласында музыкалық-драма техникумы жанындағы домбыра ансамблі (қазіргі П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі) ретінде дүниеге келген. 1944 жылы оркестрге қазақтың ұлы халық музыканты Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.

Бұл Қазақстанның аспаптық музыкалық өнері тарихындағы алғашқы оркестр. Ол әлемді қазақ музыкалық мәдениетімен, ұлттық аспаптармен таныстырды.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қарағанды облысына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі гастрольдік сапармен келеді. Қарағандылық музыка сүйер қауымды 12 қыркүйекте сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында күтеді.

Оркестрмен бірге опера әншісі Талғат Күзембаев, эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова, дәстүрлі әндерді орындаушы термеші Қайрат Кәкімов өнер көрсетеді.

Бағдарламада Түркештің "Көңілді ашар", Тәттімбеттің "Саржайлау", Ықыластың "Қоңыр", Құрманғазының "Адай", "Төремұрат", "Серпер", "Сары арқа", Әшімтайдың "Қоңыр қаз", Есжанның "Соқыр Есжан", Дәулеткерейдің "Кероғлы" күйлері, сондай-ақ Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсынан "Шегенің термесі", Джоаккино Россинидің "Вильгельм Телль" операсынан увертюра және т. б. орындалады.

Дирижер – күйші, композитор Абылай Тілепберген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 1933 жылы Алматы қаласында музыкалық-драма техникумы жанындағы домбыра ансамблі (қазіргі П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі) ретінде дүниеге келген. 1944 жылы оркестрге қазақтың ұлы халық музыканты Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.

Бұл Қазақстанның аспаптық музыкалық өнері тарихындағы алғашқы оркестр. Ол әлемді қазақ музыкалық мәдениетімен, ұлттық аспаптармен таныстырды.

Аймақтағы жаңалықтар