Құрметті ақтөбеліктер!
Ақтөбеде 29 наурыз бен 31 мамыр аралығында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды.
Оның аясында қала аумағында сенбіліктер өткізетін боламыз.
Екі айлық науқан аясында қалалық полигон тұрғындардан қоқысты тегін қабылдайтын болады. Қалада көп қабатты үйлердің 970 ауласы бар. КСК, ОСИ төрағалары тұрғындармен бірге өз аулаларын қыстан шыққан қоқыстан тазартулары тиіс.
Сонымен қоса біз өзендер жағалауларын, елді мекендер аумағын, көшелерді жұмылып жинауымыз керек. Қаладағы 70-тен астам саябақ, скверлер де тазалықты қажет етеді.
Кәсіпкерлер және барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары өз ғимараттарының жан-жағын ретке келтіруге міндетті.
29 наурыз күні алғашқы жалпықалалық сенбілік өтеді.
Ақтөбеліктер қаламызды тазалауға бірге жұмылады деп сенеміз. Баршаңызды тазалыққа үлес қосуға шақырамыз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -