ҚҰРМЕТТІ АҚТАС КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын орындау мақсатыда Ақтау кентінің әкімдігімен жергілікті қоғамдастықтарға қатысу үшін жергілікті қоғамдастық мүшелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы – бұл жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуде жергілікті қоғамдыстық жиынымен табысталған, жергілікті қоғамдастық уәкілдерінің қатысуы.
Жергілікті қоғамдастықтың жиыны – бұл жергілікті қоғамдастық жиналысының қатысушыларын және олардың қай мерзімге табысталатынын анықтауда кент тұрғындарының тікелей қатысуы.
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келесі мәселелер қаралады:
- бюджеттік бағдарламаларды талқылау;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың табыс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеттік қаражатын және табыс көздерін пайдаланғандағы мониторингі;
- жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.
Жергілікті қоғамдастық уәкілін анықтау үшін Сіздің № 8 учаске көшеңіздегі келесі көшелер мен үйлердің тұрғындары шақырылады:
Кеншілер көш.№ 2, 4;
Ковыльная көш № 33, 34, 36, 38, 38а, 39, 40, 40а, 42, 43, 44;
Космическая көш.№ 9.
ЖИЫН ОРНЫ: Ковыльный 36 үйде (ойын алаңы) 19.07.24 ж. сағат 17-00де.
Егер Сізге кенттің мәселелері немқұрайлы болмаса, Сізден жергілікті қоғамдастық жиынына белсенді қатысуыңызды өтінеміз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -