ҚҰРМЕТТІ АҚТАС КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын орындау мақсатыда Ақтау кентінің әкімдігімен жергілікті қоғамдастықтарға қатысу үшін жергілікті қоғамдастық мүшелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы – бұл жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуде жергілікті қоғамдыстық жиынымен табысталған, жергілікті қоғамдастық уәкілдерінің қатысуы.
Жергілікті қоғамдастықтың жиыны – бұл жергілікті қоғамдастық жиналысының қатысушыларын және олардың қай мерзімге табысталатынын анықтауда кент тұрғындарының тікелей қатысуы.
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келесі мәселелер қаралады:
- бюджеттік бағдарламаларды талқылау;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың табыс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеттік қаражатын және табыс көздерін пайдаланғандағы мониторингі;
- жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.
Жергілікті қоғамдастық уәкілін анықтау үшін Сіздің көшеңіздегі келесі көшелер мен үйлердің тұрғындары шақырылады:
Бауыржан Момышұлы көшесі № 56, 58, 60, 62, 64, 66, 67А, 68, 69А, 70, 72, 74, 76, 78 үйлер (№ 8 учаске).
ЖИЫН ОРНЫ: Бауыржан Момышұлы 68 үйде (ойын алаңы) 19.07.24 ж. сағат 12-00де.
Егер Сізге кенттің мәселелері немқұрайлы болмаса, Сізден жергілікті қоғамдастық жиынына белсенді қатысуыңызды өтінеміз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -