Құрметті қала тұрғындары!
Құрметті қала тұрғындары!Талдықорған қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға дейінгі тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы негізінде әзірленген «Талдықорған қаласының тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы» бекітілді. ол тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қала аудандарын кешенді қайта құруды жоспарлайды және қарастырады.
Бағдарламаның қатысушылары мен іске асырушылары уәкілетті орган, уәкілетті ұйым, жеке инвесторлар, мүдделі мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар болып табылады.
Осыған орай, Талдықорған қаласының әкімдігі инвесторлардың назарына жоғарыда аталған бағдарламаның Талдықорған қаласындағы өзектілігін жеткізеді. Барлық мүдделі тұлғалардан 31.01.2025 жылға дейін «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ресми түрде хабарласуларын сұраймыз.Талдықорған қаласындағы бұзылуға жататын көпқабатты үйлердің мекенжайлары.1. Подхоз 1 бөлімі, 22 корпус;2. Подхоз 1 бөлімі, 1 үй;3. Нестерова көшесі, 19 үй
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -