Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар!
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ 2024 жылғы 2 шелдегі күні сағат 11-00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі-Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына және «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукционды өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында орналастырылған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.
Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытында басталады.
Әрбір сатылған объект бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік екі жұмыс күннен аспайтын мерзімде қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бір күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ БСН: 050540004455; ТТК: 171; Кбе: 16.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол толық қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Жер учаскесін жалдау құқығын сату бағасын (бұдан әрі - сату бағасы) Сатып алушы Сатушыға мынадай тәртіппен төлеуі тиіс:
Сатып алушы Сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап екі банктік күннен кешіктірмей 50% (сауда-саттыққа қатысу үшін бұрын төленген кепілдік жарнаны ескере отырып) төлеуі тиіс, қалған соманы Сатып алушы Сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде төлеуі тиіс.
Сату бағасын төлеу мынадай деректемелер бойынша жүзеге асырылады:
«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ БСН: 050540004455; ТТК: 730; Кбе: 16.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері шығарылады:
1.Жер учаскесінің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Саран қаласы, Восточная өнеркәсіптік аймағы
Нысаналы мақсаты: Кокс өнімін алу үшін көмірді байыту зауытының құрылысы және қызмет көрсету үшін
Алаңы: 20,3528 га.
Құқық түрі: уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).
Бастапқы бағасы: 15 122 130,40 теңге.
Кепілдік жарна: 2 268 320 теңге.
Жыл сайынғы жалдау ақысы: 2 603 530 теңге.
Учаскенің бөлінетіндігі: бөлінетін.
Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау, коммуникацияларды пайдалану және қорғау аймақтарын сақтау үшін сервитут белгілей отырып, мақсаты бойынша пайдалану.
2.Жер учаскесінің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Саран қаласы, 1А ықшам ауданы, № 8 үйдің жанында
Мақсаты: Шағын және орта бизнес объектісін салу және қызмет көрсету үшін
Алаңы: 0,0024 га.
Құқық түрі: уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).
Бастапқы бағасы: 391 256 теңге.
Кепілдік жарна: 184 600 теңге.
Жыл сайынғы жалдау ақысы: 20 154 теңге.
Учаскенің бөлінетіндігі: бөлінбейтін.
Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау, коммуникацияларды пайдалану және қорғау аймақтарын сақтау үшін сервитут белгілей отырып, мақсаты бойынша пайдалану.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -