Құрметті маңғыстаулықтар! Құрметті жерлестер!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл - Қазақстандағы ең маңызды мерекелердің бірі. Ол Отанды, ортақ жеріміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, оның мүддесі мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғайтын әскери қызметкерлерге зор құрметпен бүкіл елде, барлық ұжым мен отбасыда, әрбір қалада, ауылда әрқашан кең көлемде аталып өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткендей, қазақстандық әскери қызметкерлер БҰҰ аясындағы түрлі халықаралық миссияларға қатысуда. Биыл олар Голан жоталарында алғаш рет тапсырмаларды өз бетінше орындауға кірісті.
Бұл біздегі әскер дайындығының жоғары деңгейін және Қазақстанның әлемдік аренадағы беделінің жоғары екенін көрсетеді.
Бұл әскери қызметкерлеріміздің батыр жауынгерлеріміз бен дана бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқанының дәлелі.
Отанымыз әрқашан оны шын құрметтейтін және қорғайтын, сүйетін және мақтан ететіндердің қанатының астында болсын.
Құрметті Отан қорғаушылар, сіздерге шын жүректен денсаулық пен ұзақ өмір, бақыт пен жақсылық, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -