Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асқақтату. Түптеп келгенде, туған еліңнің алдында айрықша жауапкершілік арқалау.Ел әлеуетінің асуы, экономикасының еселенуі де көп жағдайда сіздердің табанды еңбектеріңізге тікелей байланысты.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес» – деген еді. Қазір мемлекеттік қызметшілерге өзінің тікелей міндетін мүлтіксіз атқаратын кәсіпқой ғана емес, берекелі іске бастамашы әрі адами қасиеті жоғары, тәртіпті тұлға болуы тиіс.Халқымызда «Жемісті жұмыс жаныңды жадыратады» деген қанатты сөз бар. Сондықтан сіз бен біздің еңбек – отаншыл, адал әрі өз ісіне жауапкершілікпен қараумен өлшенеді.Ендеше, ел игілігіне қызмет ету жолында сіздерге толайым табыс тілейміз! Отбасы, жақындарыңыз аман, Отанымыз гүлдене берсін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -