ҚҰРМЕТТІ ПРИОЗЕРСК ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
ҚҰРМЕТТІ ПРИОЗЕРСК ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің кепілі болған Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
"Көптің сөзі – киелі" демекші 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы қабылданған Еліміздің Ата Заңы тиімді құқықтық жүйені орнықтырды.
Конституцияны басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні зор ауқымды істер атқарылды.
Аз уақытта қуатты ұлтқа, әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Әртүрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегінде топтасты.
Қадірменді ағайын!
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.
Әрбір тұрғын Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен, Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметов
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -