Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің тұрғындары!
Сіздерге сәуір айында Саран қаласы мен Ақтас кентінде «Қарызсыз қоғам» жобасы - халықтың қаржылық сауаттылығын оқыту басталатынын қуана хабарлаймыз.
Оның мақсаты – азаматтарға қаржылық және құқықтық көмек көрсету, қаржылық сауаттылықты арттыру, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесу. Жобаның операторы – «AMANAT» партиясы.
Оған кез-келген адам қатыса алады. Оқыту толықтай тегін жүргізіледі.
Оқыту топтарда күндізгі форматта өтеді. Оқу мерзімі - бес күн: түске дейін жалпы бағдарлама – міндетті курс, түстен кейін – қатысушының қалауы бойынша жеке практикалық кеңестер. Курсты аяқтау қорытындысы бойынша барлық тыңдаушылар тиісті сертификат алады.
1-кезеңде 4 топ оқытылады:
Саран қаласында:
1 топ: 2024 жылғы 1-5 сәуір
2 топ: 2024 жылғы 8-12 сәуір
4 топ: 2024 жылғы 22-26 сәуір
Ақтас кентінде:
3 топ: 2024 жылғы 15-19 сәуір
Курстан өтуге жазылу үшін «AMANAT» партиясының жергілікті филиалына (Ленин даңғ. 7, тел: 74871, 8 775 1675724) немесе Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне (Жамбыл көш., 67, тел. 74030), Ақтас кенті әкімінің аппаратына (Кржижановский 27, тел.:55024) жүгіну қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -