Құрметті Шахтинск аймағының тұрғындары!
Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституциямыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.
Біз бүгінгі таңда мызғымас мемлекет пен айбары асқан қуатты ұлтқа, «Мәңгілік ел» деп қадам басқан табысты елге айналдық. Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы – адам, оның құқығы мен бостандықтары.
Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі.
Ата Заңымызға деген ерекше құрмет - біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі.
Конституцияны басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні зор ауқымды істер атқарылды. Азды көпті уақытта қуатты ұлтқа, әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Әртүрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегінде топтасты.
Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді барлық игі істеріміздің бастауы болған мерейлі мереке - Конституция күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа амандық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болғай! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -