Құрметті Шахтинск қаласының, Шахан, Новодолинский және Долинка кенттерінің тұрғындары!
Шахтинск қаласының Азаматтарды қабылдау орталығы жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылының орталықтандырылған алаңы ретінде өз қызметін жүзеге асырады.
Жүгінген азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық кезек енгізілді, күту аймақтары құрылды, әкімші жұмыс істейді, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу үшін жеке «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» бар.
Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:
«е-Өтініш» АЖ арқылы кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге; жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдерінен кеңес алуға болады;Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Сұрақтарды келесі телефон нөмірі арқылы қоюға болады: 8 (72156) 22005
Орналасқан жері: Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 (бірінші кіреберіс)
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -