Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!
2024 жылдың 15 қазанынан бастап тасымалдаушылардың бақылаушылары билетсіз жолаушыларды анықтау бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізуде.
⠀
Автобусқа кірген кезде жол ақысын төлеу қажеттігін еске саламыз. Сіз мұны тек ONAY! көлік картасымен ғана емес, сонымен қатар балама әдістердің көмегімен - ONAY! қосымшасындағы QR немесе көлік коды арқылы, сондай-ақ SMS арқылы төлей аласыз.
⠀
Жол жүруді балама тәсілдермен (SMS, QR-код және көлік коды) тіркеу кезінде бақылаушыға картаны емес, сапар туралы деректері бар электрондық билетті немесе SMS-ті көрсету қажет екенін есте сақтаңыз.
⠀
Жол ақысын қолма-қол төлейтін жолаушыларға кондуктор/жүргізуші мобильді көлік терминалының көмегімен басып шығарылған ерекше үлгідегі қағаз билеттерін беруі тиіс.
⠀
Егер кондуктор / жүргізуші сізге билет бермесе, не істеу керек?
⠀
❗ Бұзушылық туралы "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-не +7 7213 41-15-93 нөмірі бойынша немесе Қарағанды облысының өтініштерді қабылдау жөніндегі бірыңғай call-орталығына хабарлаңыз, яғни Senim109.kz 109 қысқа нөмірі бойынша, сайтқа www.senim109.kz немесе әлеуметтік желілерде @senim109.kz.
⠀
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -