Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Қадірлі сала ардагерлері!: Түркістан облысы, 28 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Қадірлі сала ардагерлері!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Қадірлі сала ардагерлері!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатұлы «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген екен. Бұл тұжырым қазір де барынша өзекті. Журналист болу – халыққа қызмет ету. Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызда сала.

Сондықтан, журналистика саласына артылар міндет пен жүктің жеңіл емес екендігі белгілі. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен елімізде және өңірімізде болып жатқан оқиғалар туралы халықты және билік органдарын ақпараттандырып, қоғамдық пікір мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға зор үлес қосып келесіздер. Бүгінде Түркістан облысының медиа кеңістігінде 180-нен аса бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеуде. Әрбір басылымның өз оқырманы, телеарна мен радионың өз көрермені мен тыңдарманы бар. Бұл орайда, өңірімізде абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға деп ойлаймын. Сіздер, Түркістан облысының дамуын ғана емес, еліміздің руханиятын, қоғамдық-саяси өмірін халыққа жеткізіп жүрген, мемлекетіміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген кәсіби мамансыздар. Сіздердің Түркі жұртының рухани астанасы – Түркістанның қалыптасуына, Түркістанның көркеюіне қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Ел болып еңселенуге, өңіріміздің жетістіктерін насихаттауға және қоғамдық-саяси ахуалын бекемдеуге, Мемлекет басшысының реформалары мен тапсырмаларын жүзеге асыруға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін тағы да алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да ел игілігі жолында қалам құнарымен, ой шұрайымен қоғамға талмай қызмет ете беріңіздер! Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Ізгі тілекпен, Дархан САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының әкімі.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатұлы «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген екен. Бұл тұжырым қазір де барынша өзекті. Журналист болу – халыққа қызмет ету. Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызда сала. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Сондықтан, журналистика саласына артылар міндет пен жүктің жеңіл емес екендігі белгілі. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен елімізде және өңірімізде болып жатқан оқиғалар туралы халықты және билік органдарын ақпараттандырып, қоғамдық пікір мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға зор үлес қосып келесіздер. Бүгінде Түркістан облысының медиа кеңістігінде 180-нен аса бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеуде. Әрбір басылымның өз оқырманы, телеарна мен радионың өз көрермені мен тыңдарманы бар. Бұл орайда, өңірімізде абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға деп ойлаймын. Сіздер, Түркістан облысының дамуын ғана емес, еліміздің руханиятын, қоғамдық-саяси өмірін халыққа жеткізіп жүрген, мемлекетіміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген кәсіби мамансыздар. Сіздердің Түркі жұртының рухани астанасы – Түркістанның қалыптасуына, Түркістанның көркеюіне қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Ел болып еңселенуге, өңіріміздің жетістіктерін насихаттауға және қоғамдық-саяси ахуалын бекемдеуге, Мемлекет басшысының реформалары мен тапсырмаларын жүзеге асыруға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін тағы да алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да ел игілігі жолында қалам құнарымен, ой шұрайымен қоғамға талмай қызмет ете беріңіздер! Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Ізгі тілекпен, Дархан САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының әкімі.

Аймақтағы жаңалықтар