Құрметті журналистер мен БАҚ қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде медиа саласы қоғамда ерекше орын алады және қандай да бір пікір қалыптастыруыға зор ықпал етеді. Сіздердің жұмыстарыңыз ашықтық пен хабардарлықты, объективті көзқарасты ілгерілету және сөз бостандығы мен демократия принциптерін дамыту бағытындағы маңызды рөлге ие.Жұмысқа адалдықтарыңыз, кәсібиліктеріңіз және шындық жолындағы ұмтылыстарыңыз жоғары бағаға лайық. Күн сайын қоғам мүддесін қорғап, өзекті оқиғаларды жариялап, салмақты мәселелерді көтеріп, қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын созасыздар.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тынымсыз еңбектеріңіз үшін, сонымен қатар біздің кеңсенің бастамалары мен жобаларына қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Тиісті тақырыптарды көтеріп, маңызды сұрақтар қойып, шешімін қажет ететін проблемаларды назардан тыс қалдырмағандарыңыз үшін рахмет.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілеймін! Әр күні жағымды жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!
Құрметпен, Қазақстан РеспубликасындағыАдам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -