Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық барысын тексерді
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.
Петропавл ЖЭО-2 жабдықтарының 57,3%-ға тозғанын, СК РЭК - 96,6%-ға, жылу желілері – 77,5%-ға ескіргенін ескере отыра, облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Петропавл ЖЭО-2-де ағымдағы жылы инвестициялық-жөндеу науқандары аясында 17,6 млрд теңгеге жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. 2027 жылға дейін 739 шақырым электр желісі мен 240 қосалқы стансаның құрылысына жыл сайын 4 миллиард теңге бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда. Жөндеу және жаңғырту жұмыстарына акционерлер қаражатынан барлығы 17,6 млрд теңге бөлінді.
Роман Скляр жылу беру маусымының үзіліссіз өтуі үшін жұмыстардың сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Петропавлда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары 600 орындық жайлы мектеп құрылысымен танысты. Кәріз, су, электр және жылу желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.
Роман Скляр жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа "Бірлік" шағын ауданында салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын тексерді.
Бүгінгі таңда 200 тұрғын үй пайдалануға берілді. Роман Склярға 700 үйдің құрылысын 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отырғаны айтылды. Жұмыс Kaspi, Қазақмыс және Kazminerals басқарушы компанияларының қаражатына жүргізілуде.
Роман Скляр сонымен қатар Петропавлдағы су тасқынынан зардап шеккен Ойқала мен Былғары кентінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Қазір облыста 70 мехбригада жұмылдырылған. Олар 1000-нан астам үйді, оның ішінде 250 үйді мехбригадалардың күшімен жөндеуге кірісті, 890 апатты ғимарат бұзылды.
Бірінші вице-премьер құрылыс маусымының қысқа екенін ескере отырып, барлық қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -