Өрт қауіпсіздігін сақтамаудың қылмыстық салдары: Астана қаласы, 16 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігін сақтамаудың қылмыстық салдары

Төтенше жағдайлар министрлігі 2022 жылдан бері өртке қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өрттің пайда болуы – адам әрекеті мен әрекетсіздігінің нәтижесі. Көп жағдайда әрбір азаматтың өмір сүру ортасының қауіпсіз болуы оның өрт қауіпсіздігі ережелерін қаншалықты білетіндігі мен оларды күнделікті өмірде сақтау дәрежесіне тікелей тәуелді болып тұрады.

Өрттен қорғау және қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында  заңнама деңгейінде орындалуы міндетті нормалар мен ережелер белгіленген. Заңда кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жазаға тарту қарастырылған.

Ірi көлемде залал келтірілген, денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыр хәлде зиян жасалған немесе адам өлімі орын алған жағдайларда өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту көзделген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылықтар көпшілік алдында айыпталуға жататын істер болып есептеледі және осы істер бойынша қылмыстық қудалау жәбірленушілер тарапынан шағым берілген-берілмегеніне қарамастан жүзеге асырылады.

Нысанда өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын меншiк формасына қарамастан, нысанға немесе үй-жайға иелiк ету, пайдалану немесе оған билiк жасау құқығы бар тұлғалар – меншік иелері, ұйымдардың, кәсiпорындардың басшылары, жеке кәсiпкерлер, жеке тұлғалар қамтамасыз етуге тиiс.

Осылайша, қазіргі заманғы жағдайдағы өрт оқиғаларын тергеудің ерекшелігі мен күрделілігі оған өрт-техникалық білімі бар адамдарды тарту қажеттілігін алға қояды. Олардың тергеуге қатысуының негізгі формалары мынадай: өрт орын алған жерді қарау кезінде техникалық көмек көрсету, өрттің шығу себебі туралы маманның қорытындысын ұсыну, нәтижесінде қылмыстық істерді зерделеу мен материалдарға талдау жасау процесі жүзеге асырылатын өрт-техникалық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ өрт орнын қарау кезінде алынған бұйымдар мен заттарды зерттеу.

2024 жылдың өткен мерзімі ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны және отпен абайсызда немесе басқа да қауіптілігі жоғары көздер арқылы бөтеннің мүлкін жоюға немесе бүлдіруге кінәлі деп танылғандарға қатысты 8 үкім шығарылды.

Мысалы, Орал қаласында газ бен ауа қоспасының жарылысынан «Rizyq» дәмханасының оң жақ қабырғасы мен шатырының бір бөлігі құлауы салдарынан 5 адам қаза тауып, 4 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Осы қылмысты тергеуді жүзеге асырған тергеушілер айғақтарды бекіту мен соңынан материалды сотқа жолдауда тергеу әрекеттерінің толық кешенін жүргізді.

Сот қылмыстық істі қарау қорытындысы бойынша сотталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Астанада қаласында казармалық типтегі екі қабатты жатақхананың бірінші қабатында да дәл осындай жағдайда өрт шығып, соның салдарынан кәмелетке толмаған 3 бала мен 2 ересек адам қаза тапты. Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша марқұмдардың өліміне көмірқышқыл газынан улану себеп болғаны анықталды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 292-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осылайша, өрт қауіпсіздігі қоғамдық қауіпсіздіктің ең маңызды аспектісі болып табылады және осыған байланысты барлық жауапкершілік өрт қауіпсіздігі ережесінде көрсетілген жауапты тұлғаларға жүктеледі.

ҚР ТЖМ Анықтау басқармасы

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар