Сұңғат Есімханов Еревандағы экономикалық форумға қатысты
1 қазанда Ереванда Еуразиялық экономикалық форум өтті (Армения Республикасы). Оған ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов қатысты. Форум аясында «Энергетика саласындағы еуразиялық экономикалық интеграция: міндеттер мен артықшылықтар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Вице-министр Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің энергетика саласындағы ынтымақтастықтың
маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Сұңғат Есімханов мемлекетіміздің электр энергетикасын дамыту бағытында жоспарлап отырған шараларына тоқталды. Мысалы, Қазақстанда 2035 жылға қарай 26,5 ГВт жаңа генерация қуатын іске қосуы жоспарланып отыр. Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күнде еліміздің энергетика саласына инвестиция салудың түрлі тетіктері бар.Фото: ЕЭК
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -