СҚО-да Республика күні аталып өтілді
Бүгін облыста Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлесін қосқан солтүстікқазақстандықтар қатысты.
Бүгінгі салтанатты жиында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестерді Ұлттық мерекемен құттықтап, отанымыздың дамуына еңбегі сіңген бірқатар солтүстікқазақстандықтарға Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Республика күні – тәуелсіздіктің бастауы. Мемлекет басшысы «қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам» - деді.
Үш онжылдықта береке мен ынтымақтың арқасында Қазақстан биік белестерді бағындырды. Еліміздің жетістіктерін бағалап, дамыту – үлкен парызымыз. Біздің облыста экономика тұрақты дамып, жаңа жобалар іске асуда.
"Солтүстік Қазақстан облысының халқы елінің дамуы үшін аянбай еңбек етуде. Еліміз дамып, өркендей берсін! Ұлттық мереке құтты болсын!", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -