СҚО-да әскерге жіберуге арналған жиын пункті жөнделуде
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО-ғы Қорғаныс істері жөніндегі департаментте болды, онда әскерге шақырылғандарды мерзімді және келісімшарттық қызметке жіберуге арналған облыстық жиын пункті бар.
Жыл сайын осы пункт арқылы бір мыңнан аса жігіттер әскерге жіберіледі. Бұл ғимаратқа жөндеу қажет болды. Биыл күрделі жөндеуге қаражат бөлініп, барлық жағдайлар жасалмақ. Барлық жұмыстарды қазан айының ортасында аяқтау жоспарлануда.
СҚО әкімі 9975 әскери бөлімінің қызметімен де танысты. Бұл нысанда асхана мен тұрақтарды күрделі жөндеу аяқталуда, техника алынды. Келесі жылы казарманы күрделі жөндеу жоспарланған. Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар біздің әскерилерге қолайлы жағдай жасамақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -