СҚО-да тасқын кезінде 360 кәсіпкер қаржылай көмек көрсетті
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жұмабаев ауданында болды. Аудандық кәсіпорындар жақсы дамып келеді. «ИП Пальчик» сүт зауытының өнімдері басқа өңірлерде де белгілі. Ал Светлана Карабанова ешкі фермасын ұстайды. Арнайы қондырғыларда ешкі сүтінен йогурт, балмұздақ және ірімшік өнімдері өндіріледі.
Сондай-ақ, министр мен облыс әкімі «Нурсен Агро» және «Полудинское» ЖШС егістік алқаптарын аралап, ауданның астық өндірушілерімен кездесу өткізді. Облыс әкімі егіс жұмыстарын уақытылы аяқтап, ауылдарды әлеуметтік қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынының салдарын жоюға және инфрақұрылымды қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлген диқандардың үлесін атап өтті.
"
Олардың қатарында "Зенченко и К", "Ноғайбай" ЖШС және басқалары бар. Барлығы 360 серіктестік пен кәсіпорын көмек көрсетті. Солтүстікқазақстандықтардың атынан кәсіпкерлерге облыс үшін қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын",
- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -