СҚО әкімі азаматтарды қабылдады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Amanat» партиясының СҚОФ-да азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шаралары, тұрғын үй бөлу, пәтерлерді жекешелендіру, дәмхананың жұмыс уақытын шектеу және көпқабатты үйдегі лифттерді ауыстыру туралы сұрақтарды көтерді.
Аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдарға азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар енгізуді және оның орындалуын қадағалауды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -