СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Өтініш берушілер 101 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысының аралығы, су тасқынынан зардап шеккен "Искра" саяжайшыларын қолдау шаралары, тұрғын үй бөлу мәселесіне қатысты сұрақтарын қойды.
Аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдарға азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар енгізуді және оның орындалуын бақылауды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -