СҚО әкімі Геннадий Зенченкоға Президенттің алғысын табыс етті
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Зенченко и К» КС директоры Геннадий Зенченконы мерейлі 60 жасымен құттықтап, отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыс етті.
Геннадий Геннадьевич әкесінің ісін табысты жалғастыруда. Қазір коммандиттік серіктестік өңірдегі егін және мал шаруашылығының дамуына орасан зор үлес қосуда. Шаруашылық тұрақты түрде жыл сайын жоғары өнім алады. Заманауи сүт кешендері мен зауыттар салынды. «Зенченко и К» сүт өнімдері Қазақстанда сапалы брендке айналды.
"Кәсіпорын дамып келеді, қазіргі таңда Орталық Азиядағы ірі мал шаруашылығы кешені салынуда. Басшылық тұрғындар мен жұмысшыларына барлық жағдайды жасап отыр, әлеуметтік инфрақұрылым дамыған. Үлгілі Новоникольское ауылы – әлеуметтік жауапкершілікті бизнес пен ауыл тұрғындарына дұрыс көзқарастың жарқын үлгісі. Геннадий Геннадьевичке алдағы уақытта да мол табыс, жобалардың сәтті жүзеге асуын, серіктестіктің одан әрі дамуын тілеймін", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -