СҚО әкімінің БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтауы:
Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық диалог жүргізудің ашық алаңына айналып, мемлекет пен қоғамның өзара байланысын нығайтуға зор үлес қосып жүр. Журналистер өңірдің дамуы туралы жазып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтереді.
Медиа сала қаламы жүйрік, ойы ұшқыр тілшілер қауымының кәсіби біліктілігі мен күнделікті тынымсыз еңбегінің арқасында дамып келеді. Әсіресе, су тасқыны кезінде ерекше танылды.
Осындай жауапты қызметте әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -