СҚО әкімі Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Өңір басшысы Президенттің атынан қызметтік және азаматтық борышын орындап, су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін солтүстікқазақстандықтарға «Құрмет» және «3-дәрежелі Еңбек даңқы» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарын табыс етті.
Мемлекеттік қызметті жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар солтүстікқазақстандық мемлекеттік қызметшілер және Төтенше жағдайлар жүйесінің қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты жедел қызметі шараларындағы жоғары көрсеткіштері үшін полиция қызметкерлері құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.
"
Мемлекеттік қызметшілер, полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысты. Тасқын мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға дайын екенін көрсетті. Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еліміздің дамуы жолында еңбекте табыс тілеймін"
, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -