СҚО әкімі соғыс ардагерімен бірге Жеңіс күніне орай гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
9 мамыр - Жеңіс күніне орай СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Василий Макиенко және тыл ардагері Асия Карабалинамен бірге Мәңгілік алауға және Жеңіс саябағындағы Стелаға гүл шоқтарын қойды. Рәсімге өңір жұртшылығы мен көптеген солтүстікқазақстандықтар қатысты.
"Жеңіс күні аға буынның батырлығы мен қайсарлығының нышаны болып мәңгі сақталады. Сұрапыл соғыста қиындықтарға төтеп беріп, ерлік танытқан соғыс және тыл ардагерлеріне бас иеміз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Қанды соғыс әр отбасының шаңырағын шайқалтты. Майдан даласында Отан үшін жанын қиған жас жауынгерлерге мың тағзым. Қаза тапқандардың ерлігі ұмытылмайды.
"Бүгінгі және келер ұрпақ Жеңістің бағасын біліп өсуі керек, оның маңыздылығын ұмытпау қажет. Жеңіс күні әр отбасыға береке мен молшылық тілеймін. Аспанымыз ашық болсын, еліміз гүлдене берсін", - деді облыс әкімі.