СҚО әкімі жайлы мектептердің құрылысын тексерді
Қазіргі заманда балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Облысымызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асуда. «Орман» және «Береке» шағын аудандарында әрқайсысы 600 орындық екі жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов беру нысандарының құрылыс барысын тексерді. «Орманда» мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Өңір басшысы «Берекедегі» құрылыс алаңында жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды.
"Жайлы мектептер – сапалы білімнің кепілі! Заманауи, жайлы мектептердің ашылуы ұрпаққа негізделген жаңа білім беру ортасын қалыптастырады", - деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында «Жас өркен» және «Қопай» шағын аудандарында 1,5 мың орындық тағы екі мектептің құрылысы басталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -