СҚО әкімі журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс журналистерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті. Журналистика – аса маңызды салалардың бірі. Белсенді азаматтық позиция, әділдікке ұмтылу және халық мүддесін ойлау – журналистеріміздің басты ұстанымы.
"
Қалам мен микрофон ұстаған тілшілер өңірде болып жатқан жағымды жаңалықтармен бөлісіп, апаттардың да ортасында жүреді. Биыл да су тасқыны кезінде етік киген журналистер тәулік бойы ақпарат беріп, ерлік пен қайсарлық танытты. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне шығармашылық табыс тілеймін. Оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіз көбейе берсін! Кәсіби мереке құтты болсын!
", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -