СҚО әкімі журналистерге баспасөз-турын өткізді
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нүрмұхамбетов өңір журналистері мен блогерлері үшін су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру және құрылыс жұмыстары бойынша баспасөз-турын өткізді. Олар Солнечный-2 шағын ауданындағы 200 үйдің құрылысымен және 300 үйді тұрғызуды басталуымен танысты. Зардап шеккендерге барлығы 500 үй салынады.
"Басты мәселе - құрылыс сапасы, сондықтан әрбір құрылыс компаниясына техникалық қадағалау бекітіліп, олар үнемі тексеріс жүргізуде. Оған қоса, облыс орталығында және аудандарда пәтер және үй алу жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өңір басшысы.
Зардап шеккен Ойқала, Заречный мен Былғары кентінде, Қызылжар ауданында мехбригадалар инфрақұрылымды қалпына келтіру және үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Алда көп жұмыс бар, су тасқынының салдарын толығымен жою және үйлерді жөндеу үшін біршама уақыт қажет.
Сонымен қатар, Тепличное ауылында су сору жұмыстары аяқталды. Қазір өнімділігі жоғары насостар Ойқала мен Былғары кентінде шоғырланған.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері «Радуга» серіктестігіндегі көтерме-тарату орталығында орналасқан гуманитарлық көмекті қабылдау және жеткізу орталықтандырылған пунктінің жұмысымен танысты.
Жалпы журналистерді зардап шеккендерге баспана беру және бағалау тақырыптары қызықтырды. Бағалау жұмыстарына сұраныс жоғары болғандықтан, басқа аймақтардан бағалаушылар тартылды.
"Маңызды мәселе – қаланы сумен қамтамасыз ету. Біз бірінші сорғы станциясында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарладық, онда биылғы тасқынның барлық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, қосымша су алу нысаны салынады. Бұл жұмыстың арқасында облыс орталығы үздіксіз сумен қамтамасыз етілмек", - деді облыс әкімі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -